«Семей қаласындағы мәдени және тарихи орындар» кездесу
«Семей қаласындағы мәдени және тарихи орындар» атты кездесу
2019 жылдың 25 сәуірінде «№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ - де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өлкетану» кіші бағдарламасының бағытымен интернат тәрбиешілері Мухаметкалиева Л.Б. мен Омаргалиева Л.А ұйымдастыруымен «Семей қаласындағы мәдени және тарихи орындар» атты кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақыртылған қонақтар Шәкәрім Университетінің қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі,тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастық профессоры Майра Сансызбайқызы және Семей қаласының тарихи - өлкетану музейінің «Ғылыми – әдістемелік және көпшілікпен экскурсиялық жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Тортенова Гүльнур Шалатаевна келіп, жалпы Семей өңіріндегі балалар біле бермейтін тарихи орындар жайлы және Өлкетану музейіндегі көне жәдігерлермен балаларды бейнеролик арқылы таныстырды.
Балалардың қызығушылығы оянып, қонағымызға сұрақтарын койып, білгендерімен бөлісіп, белсенділік танытты.
25 апреля 2019 года» в КГУ « Средняя общеобразовательная школа № 42 с пришкольным интернатом» в целях реализации программы «Рухани жаңғыру» по направлению «Өлкетану» воспитатели интерната Мухаметкалиева Л.Б. и Омаргалиева Л.А. организовали мероприятие на тему «Культурно-исторические места в Семее». Были приглашены гости. В качестве гостей были заведующая кафедрой истории Университета им.Шакарима, кандидат исторических наук, доцент Майра Сансызбаевна и заведующая отделом «Научно-методической и общественно-экскурсионной работы» Семипалатинского историко-краеведческого музея Тортенова Гульнур Шалатаевна. Ознакомили детей с древними экспонатами краеведческого музея.Учащиеся получили много информации об истории Семипалатинского региона. Это все заинтересовало детей и они задавали различные вопросы гостям.



