Жас сарбаз » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2019

Жас сарбаз

 Жас сарбаз
 
    «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 29 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл іс-шара әскери жас сарбаздардың бойында отансүйгіштік қасиетін тәрбиелеп, Отанына және Қазақстан Президентіне адалдыққа үндеп, сарбаздардың бойында әскери міндет өткерудің мақтаныш сезімін тудыратын ерекше әскери рәсім. Ант қабылдау рәсімі Қазақстан      Республикасының Мемлекеттік Туын енгізуден басталды. Мектеп директоры қызметін уақытша атқарушы Жумакулова Асия Максутовнаның сарбаздарды ант қабылдауымен құттықтап жас сарбаздарға ақжол тіледі. Музыканың демеуімен «Жас сарбаз» оқушылары мен ұстаздары әнұранды орындады.
 Кеш оқушылардың ата-аналары және тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыс ардагерлері Байгазиев Айдын Нурсултанович, Ахметжанов Жанат Курмановичтың қолдауымен өтті. Оқушылар әскери ант қабылдап, жеке –жеке жас сарбаз билеттері тапсырылды. Іс-шараны «Жас сарбаз» оқушылар тобы ұйымдастырған сарбаздар биі , «Мен қазақпын» патриоттық әнін орындаумен тамаша аяқтадық.
 

Жас сарбаз


Жас сарбаз


Жас сарбаз