Балалыққа кітаппен барар жол
Балалыққа кітаппен барар жол
«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де «100 кітап» жобасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы орта білім беретін мектептерде іске асыру барысында 1-4 сыныптар арасында «Балалыққа кітаппен барар жол» атты бір күндік кітап оқу күніне байланысты іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын ортаға қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аудару. «Балалыққа кітаппен барар жол» атты іс-шарада 1-4 сынып оқушылары «Кітаппен бірге өсеміз» , «Мен болашақ тілшімін», «Сиқырлы кітаптар елінде » , «Кітап жайлы қилы қызықтар» слайд шоу, «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» айдарлары бойынша әңгімелеп, талқылады.
Мектеп кітапханашысы Жамиля Слямжановна сөз алып, оқушыларды кітап оқуға қызықтыра отырып, бейнебаян көрсетті. «Кітап - адамның рухани азығы» екенін атап айтты. Кітапхананың тұрақты оқырмандарын атап, сыйлыққа кітап таратты.
Бастауыш сынып мұғалімдері Алипбаева С.Б.
Сагынбаева Ж.С.