04
март
2026
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 4-наурызында Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Б.К. Төлегенов жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, буллингтің алдын алу, оның қатысушылар үшін психологиялық және құқықтық салдары түсіндірілді.
Сонымен қатар лудомания мен игроманияның зияны, құмар ойындарға және компьютерлік ойындарға шамадан тыс әуестенудің кері әсері туралы айтылды. Оқушыларға мұндай тәуелділіктің болашаққа тигізетін қауіптері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ есірткі заттарының зияны мен оларды қолдану және тарату үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы да атап өтті.
Бұдан бөлек, интернет-алаяқтық тақырыбы қозғалып, желідегі кең таралған алаяқтық тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары және интернеттегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.