Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері » Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері
17
ноябрь
2022

Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері

     Ағымдағы жылдың 14 қарашасы күні, Семей қаласындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебінде  Астана қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясының инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлерімен бірлескен мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануы мен әлеуметтенуінің жағдайын зерделеу мақсатындағы Академияның ғылыми кеңесінде бекітілген әдіснама негізінде зерттеу жүргізілді.  

  Зерттеу барысында мектеп директорының м.а.  А.Жумакуловамен , кәсіби бағыт бағдар беру педагогі Г.Акбалановамен   интерьвю жүргізілді.  Мектеп педагогтерінен, ата-аналардан және оқушылардан сауалнамалар алынды. Мектепке кедергісіз кіріп-шығудан бастап  инклюзивті  білім берудегі мектепішілік құжаттармен танысты.  

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті Астана қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясы  2022-2024 жылға ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде АР14871693 «Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» ғылыми жобасын іске асыруда әдіснамалық зерттеу жүргізуіне мектептің тиімді тәжірибелері  ұсынылып, Академия мамандарының жобаларына қолдау көрсетілді. Зерттеу  жұмысын жалпы орта мектептер тәжірибесімен үйлестіруде бір маман бекітілді.