09
апрель
2026
Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің оқушылары Абай оқуларында жүлделі орындарға ие болды
ХХҮІІ Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Сұлтан Алмас “Абайдың ақын шәкірттері” бағыты бойынша 1 - орын алып, облысқа өтті. Ұстазы Назирова Ж.Н . Ақынның 70 өлеңін жатқа оқыған 8- сынып оқушысы Санақбек Кәусар жүлделі 3- орын иеленді. Ұстазы Жумакулова А.М. Осындай шәкірттеріміз бар да мектебіміздің мәртебесі арта беретіні сөзсіз Алдағы облыстық сайыста жүлдегерлер қатарынан көрінейік деп оқушымыз бен ұстазымызға сәттілік тілейміз.