Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2025

«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасындағы жәрмеңке

«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды.Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбектің қадірін ұғындыру, өз қолымен жасалған өнімнің құндылығын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға тарту және қайырымдылық рухын қалыптастыру да басты бағыттардың бірі болды. Шара барысында әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар, тәтті тағамдар мен табиғи өнімдерді ұсынды. Әр үстел ерекше безендіріліп, оқушылар өз тауарларын жарнамалап, сатып алушылармен белсенді қарым-қатынас орнатты. Іс-шара көңілді ән мен әуенмен, көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Жәрмеңке нәтижесінде жиналған қаржы мектеп қорына тапсырылды. Бұл қаражат мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мен оқушыларға қажет құрал-жабдықтарды алуға жұмсалатын болады.Аталған шара оқушылардың бойында ұжымшылдық, жауапкершілік, адалдық пен мейірімділік қасиеттерін дамытуға зор ықпал етті. Балалар еңбектің қадірін түсініп, өз еңбегімен ортақ іске үлес қосу арқылы үлкен өмірлік тәжірибе жинақтады.