Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2026

«Дарын» орталығы ұйымдастырған аймақтық олимпиада өтті

Абай облысында аймақтық олимпиада өтті!

Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 25–27 наурыз аралығында Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен аймақтық олимпиада өткізілді.

📍 Олимпиада Семей қаласы білім бөлімінің «Мектеп жанында интернаты бар №42 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өтті.

🔬 Білім додасына аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары – Абай облысы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының дарынды оқушылары қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды.

📚 Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:
✔️ теориялық
✔️ практикалық

🏆 Қорытынды бойынша:
🥇 І орын – 8 қатысушы
🥈 ІІ орын – 12 қатысушы
🥉 ІІІ орын – 20 қатысушы

💰 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ І орын иегерлерінің жетекшілеріне Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры тарапынан қаржылай сыйақылар табысталды.

🌐 Олимпиада қорытындысын abaidaryn.kz сайтынан көре аласыздар.

👏 Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!