«Шәкәрім даналығы» байқауында оқушымыз жүлделі ІІ орын алды
Қаламыздағы Абай атындағы әдеби- мемориалдық қорық мұражайы ұйымдастырған “Шәкәрім даналығы” байқауында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Сұлтан Алмас жүлделі 2- орын алып, олжалы қайтты. Алмас Шәкәрім бабамыздың өлеңдерін жатқа оқумен қатар ақын өмірі жайлы өз білімін көрсетті. Ұстазы Назиррва Ж.Н Алмастан көп үміт күтетінін айтты. Оқушысын шыңдаудан жалықпайтын ұстазға шығармашылық табыс тілейміз.