Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2026

№42 мектепте Сенат депутаты Қайрат Құлбайұлымен кездесу өтті

Жаңа Конституция — Жаңа Қазақстанның іргетасы!
Бүгін «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында ұстаздар ұжымы мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутаты Қайрат Құлбайұлы арасында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесудің басты тақырыбы — жаңарған Конституция мазмұны мен елдегі саяси-құқықтық реформалар болды. Жиын барысында адам құқықтарын қорғау тетіктері, билік тармақтарының тепе-теңдігі мен жауапкершілігі, білім және әлеуметтік салаға берілетін мемлекеттік кепілдіктер кеңінен талқыланды.
Мектеп ұстаздары реформалардың білім беру жүйесіне тигізер әсері туралы көкейкесті сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Қайрат Құлбайұлы заңнамалық өзгерістердің әрбір азаматтың өміріне, әсіресе мұғалім мәртебесі мен жастардың болашағына қалай ықпал ететінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Ұстаздар қауымы жаңа конституциялық құндылықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу — ортақ міндет екенін атап өтті.