«Маска шоу – 2026»: өнер мен шығармашылыққа толы кеш
Эстетикалық пәндер апталығы аясында ұйымдастырылған «Маска шоу – 2026» атты өнерлі кеш оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, сахна мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ерекше іс-шара болды. Кештің мақсаты – оқушылардың актерлік шеберлігін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру және өнерге деген қызығушылығын қолдау. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі образдарға еніп, өздерінің жасырын таланттарын көпшілікке паш етті. Әсем безендірілген сахна, әуезді музыка мен ерекше костюмдер