Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
Ағымдағы жылдың 4-наурызында Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Б.К. Төлегенов жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, буллингтің алдын алу, оның қатысушылар үшін психологиялық және құқықтық салдары түсіндірілді. Сонымен қатар лудомания мен игроманияның зияны, құмар ойындарға және компьютерлік ойындарға шамадан тыс әуестенудің кері