Мектебімізде 8 наурыз мерекесі ерекше аталып өтті
Көктемнің ең нәзік әрі шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мектебімізде ерекше көңіл күймен аталып өтті. Бұл күні мектеп қабырғасы шаттық пен жылы лебізге толды. Оқушылар мен ұстаздар аяулы аналарды, ардақты әжелерді және мейірімді ұстаздарды шын жүректен құттықтап, өз өнерлерін тарту етті. Әсем әндер шырқалып, әсерлі өлеңдер оқылып, мерекелік концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барша нәзік жандыларды осы тамаша мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол