13
апрель
2026
Психологиялық-педагогикалық қолдау апталығының ашылуы «Саусақ іздері» психологиялық тренингімен өтті
13-17 сәуір аралығында психологиялық-педагогикалық қолдау апталығы өтеді. Апталықтың ашылуын «Саусақ іздері»атты психологиялық тренингпен бастадық. Бұл әдіс арқылы оқушылар мен мұғалімдер өздерінің ішкі сезімдерін, ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізіп, бір-бірін тереңірек тануға мүмкіндік алды. Әр саусақ ізі – қайталанбас тұлғаның белгісі сияқты, әр бала да ерекше екендігін дәлелдеді. Апта аясында өткізілетін іс- шараларға белсене қатысуға шақырамыз.