Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына арналған семинар-коучинг өтті
22
февраль
2026
Жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына арналған семинар-коучинг өтті
«Білім беру саласында жас мамандардың бейімделуі мен кәсіби қалыптасуы» атты семинар-коучинг Білім беру ұйымында жас педагогтердің кәсіби ортаға бейімделуі мен шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Білім беру саласында жас мамандардың бейімделуі мен кәсіби қалыптасуы» атты семинар-коучинг ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – тәжірибелі ұстаздардың жас педагогтерге бағыт-бағдар беріп, әдістемелік қолдау көрсетуі, олардың кәсіби сенімділігін арттыру және заманауи білім беру
«Шәкәрім даналығы» байқауында оқушымыз жүлделі ІІ орын алды
20
февраль
2026
«Шәкәрім даналығы» байқауында оқушымыз жүлделі ІІ орын алды
Қаламыздағы Абай атындағы әдеби- мемориалдық қорық мұражайы ұйымдастырған “Шәкәрім даналығы” байқауында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Сұлтан Алмас жүлделі 2- орын алып, олжалы қайтты. Алмас Шәкәрім бабамыздың өлеңдерін жатқа оқумен қатар ақын өмірі жайлы өз білімін көрсетті. Ұстазы Назиррва Ж.Н Алмастан көп үміт күтетінін айтты. Оқушысын шыңдаудан жалықпайтын ұстазға шығармашылық табыс тілейміз.
Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 37 жыл: тағылымды кездесу
19
февраль
2026
Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 37 жыл: тағылымды кездесу
19.02.2026 жылы “Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ” КММ-де Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары және “Жас сарбаз” сыныбы Ауған соғысының ардагері запастағы майор А.Т. Манасовпен кездесіп, ерлік сабағы өтті. Ұйымдастырушы: АӘжТД оқытушы- ұйымдастырушысы Д.К.Казез
«Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш»
10
февраль
2026
«Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш»
09.02.2026 жылы ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебімізде бірыңғай әдебиет сабағы және “Жырлайды жүрек” тақырыбында әдеби- танымдық кеш болып өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, ақынға арнаған монологтарымен бөлісіп, әндерін айтып, ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейтіп, тамаша әсермен ерекше сезімге бөленді. Үлкен тәрбиелік мәні бар кешті ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғысымыз шексіз! “Мұқағали поэзиясы әр жүрекке ұялап,
Орыс тілінен өткен "Знатоки русского языка" турнирі
29
январь
2026
Орыс тілінен өткен "Знатоки русского языка" турнирі
Тақырыбы: "Интеллектуальный турнир по русскому языку "Знатоки русского языка" Сыныптар: 5"А", 5 "Ә". Мақсаты: Оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік білімдерін тереңдету, сөздік қорын молайту және сауатты жазу дағдыларын дамыту. Логикалық ойлау қабілетін, зейінін, тапқырлығын қалыптастырып, өз ойын еркін жеткізе білуге және топпен жұмыс жасауға баулу. Оқушыларды білім бәсекесінде белсенділікке, ұйымшылдыққа және жеңіске ұмтылуға тәрбиелеу.
5-9 сыныптар арасында "Speak, Read and Sing in English!” конкурсы
28
январь
2026
5-9 сыныптар арасында "Speak, Read and Sing in English!” конкурсы
27.01.2026 күні 5-9 сыныптар арасында "Speak, Read and Sing in English!” конкурсы өтті. Бүгінгі іс-шараның мақсаты: оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу, оқу және ән айту дағдыларын дамыту; Оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу. Өткізген: Ағылшын тілі мұғалімі А.Ә.Сейітқазина
«Өзін-өзі бағалау және мотивация» тақырыбындағы кәсіби бағдар беру іс-шарасы
26
январь
2026
«Өзін-өзі бағалау және мотивация» тақырыбындағы кәсіби бағдар беру
«Өзін –өзі бағалау және мотивация» Әлеуметтік- психологиялық мектепішілік  жобаға байланысты,  кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кәсіби бағдар педагогы Акбаланова Г.А. ұйымдастыруымен білім алушылармен жағдаяттар бойынша  іс- шара өткізілді.  Іс- шара  барысында қатысушылар әртүрлі өмірлік және кәсіби жағдаяттарды талдап, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаудың маңызын түсінді.  Шара барысында білім алушылардың ойлау қабілетін дамытып, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға
«Ыбырай Алтынсарин – кемеңгер тұлға» танымдық кеші
23
январь
2026
«Ыбырай Алтынсарин – кемеңгер тұлға» танымдық кеші
22’.01.2026 жылы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай “Ы. Алтынсарин- кемеңгер тұлға” тақырыбында танымдық кеш бооып өтті. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назирова Ж. Н. ұйымдастырып, оқушыларға ұстаз өмірінен толық мағлұмат беруге тырысты. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қойылымдар қойды. Кеш соңын “ Кел, балалар, ойналық” өлеңін хормен айтып, белсенділікпен қатысты. Мұндай танымдық мақсаттағы кештердің оқушы үшін білім сапасын арттыруға маңызы зор.
«Арманы бір балалар» фильміне тәрбиелік-сараптамалық талдау
22
январь
2026
«Арманы бір балалар» фильміне тәрбиелік-сараптамалық талдау
Жоба барысында оқушылармен бірге «Арманы бір балалар» фильміне сараптамалық талдау жасалды. Талдау кезінде фильмнің негізгі тақырыбы мен идеясы анықталып, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлқына назар аударылды. Оқушылар фильмдегі балалардың ортақ арманы, достық, бірлік, өзара қолдау сияқты құндылықтарды талқылады. Фильм оқушыларды мақсатқа ұмтылуға, қиындыққа мойымауға және армандарға сенуге тәрбиелейтіні атап өтілді. Талдау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, фильмге қатысты
Мектепішілік «Кино— тұлға айнасы» тақырыбындағы  жоба
15
январь
2026
Мектепішілік «Кино— тұлға айнасы» тақырыбындағы жоба
      Мектепішілік «Кино— тұлға айнасы» тақырыбындағы  жоба аясында бастауыш пен орта буын және жоғары сынып интернат тәрбиеленушілеріне кино көрсетіле бастады.  Жобаның мақсаты:        Көркем фильмдер, деректі туындылар арқылы оқушылардың тұлғалық дамуын, өмірлік құндылықтарын, сыни ойлауын, ұлттық мәдениетке қызығушылығын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау, нығайту.