Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көрісу күні – сыйластық пен бірліктің мерекесі
13
март
2026
Көрісу күні – сыйластық пен бірліктің мерекесі
Бүгін мектебімізде ерекше әрі жүрекке жылы Көрісу күні аталып өтті. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен амандасып, өткен реніштерді ұмытып, ақ тілектер айтып, сыйластық пен құрметті жаңғыртатын тамаша дәстүр. Мектебіміздің үлкен ұстаздары шашу шашып, барша ұстаздар мен оқушыларды қуана қарсы алды. Бұл көрініс мерекенің шырайын кіргізіп, бәрімізге ерекше көңіл күй сыйлады. Ұстаздар мен шәкірттердің бір-біріне жылы лебіз білдіруі – ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық дәстүрдің жалғасы екенін тағы бір
15 минут кітап оқу – білімге бастар жол»: “Бала Шоқан” шығармасын талдау
13
март
2026
15 минут кітап оқу – білімге бастар жол»: “Бала Шоқан” шығармасын
«15 минут кітап оқу – білімге бастар жол» жобасы бастауыш пен орта буын, жоғарғы сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері арасында ұйымдастырылуда. Жоба бойынша 5-7 сынып оқушылары арасында С. Бегалиннің “Бала Шоқан” шығармасы талданып, сұрақтар қойылып, оқушылардың қаншалықты түсінгенін анықтап шығарманы бірге талдадық.
Мектебімізде 8 наурыз мерекесі ерекше аталып өтті
07
март
2026
Мектебімізде 8 наурыз мерекесі ерекше аталып өтті
Көктемнің ең нәзік әрі шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мектебімізде ерекше көңіл күймен аталып өтті. Бұл күні мектеп қабырғасы шаттық пен жылы лебізге толды. Оқушылар мен ұстаздар аяулы аналарды, ардақты әжелерді және мейірімді ұстаздарды шын жүректен құттықтап, өз өнерлерін тарту етті. Әсем әндер шырқалып, әсерлі өлеңдер оқылып, мерекелік концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барша нәзік жандыларды осы тамаша мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол
8 Наурыз: шығармашылық пен қуаныш күні
06
март
2026
8 Наурыз: шығармашылық пен қуаныш күні
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін білдіруді үйрету, ән айтып, би билеп, тақпақ айту арқылы өздерін еркін көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету, 8 Наурыз мерекесін атап өту, мерекелік көңіл-күй мен жылы атмосфера қалыптастыру.
8 наурыз қарсаңында «Мейірім» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды
06
март
2026
8 наурыз қарсаңында «Мейірім» атты психологиялық тренинг
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында «Жүректер диалогы» бірыңғай іс-шарасын ұйымдастырады.Осы орайда, мектебімізде “Мейірім” тренингы өтті.Тренингтың мақсаты-оқушылардың бойында адамгершілік,жанашырлық, қамқорлық және түсіністік қасиеттерін дамыту. Педагог-психолог Мейрханова Н.Р
Мектепте өрт жағдайындағы эвакуациялау жаттығуы өткізілді
05
март
2026
Мектепте өрт жағдайындағы эвакуациялау жаттығуы өткізілді
05.03.2026 жылы мектеп ұжымы мен оқушыларына өрт жағдайындағы эвакуациялау жаттығуы өткізілді
Төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық жаттығу
04
март
2026
Төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық жаттығу
04.03.2026 жылы мектеп ұжымына және оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау жаттығуы өткізілді
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті
04
март
2026
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
Ағымдағы жылдың 4-наурызында Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Б.К. Төлегенов жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, буллингтің алдын алу, оның қатысушылар үшін психологиялық және құқықтық салдары түсіндірілді. Сонымен қатар лудомания мен игроманияның зияны, құмар ойындарға және компьютерлік ойындарға шамадан тыс әуестенудің кері
№42 мектепте Сенат депутаты Қайрат Құлбайұлымен кездесу өтті
02
март
2026
№42 мектепте Сенат депутаты Қайрат Құлбайұлымен кездесу өтті
Жаңа Конституция — Жаңа Қазақстанның іргетасы! Бүгін «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында ұстаздар ұжымы мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутаты Қайрат Құлбайұлы арасында мазмұнды кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы — жаңарған Конституция мазмұны мен елдегі саяси-құқықтық реформалар болды. Жиын барысында адам құқықтарын қорғау тетіктері, билік тармақтарының тепе-теңдігі мен жауапкершілігі, білім және әлеуметтік салаға
«Маска шоу – 2026»: өнер мен шығармашылыққа толы кеш
24
февраль
2026
«Маска шоу – 2026»: өнер мен шығармашылыққа толы кеш
Эстетикалық пәндер апталығы аясында ұйымдастырылған «Маска шоу – 2026» атты өнерлі кеш оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, сахна мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ерекше іс-шара болды. Кештің мақсаты – оқушылардың актерлік шеберлігін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру және өнерге деген қызығушылығын қолдау. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі образдарға еніп, өздерінің жасырын таланттарын көпшілікке паш етті. Әсем безендірілген сахна, әуезді музыка мен ерекше костюмдер