Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың әдіснамасы" ғылыми-практикалық семинары
15
октябрь
2022
"Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың
15.10.2022 жылы "Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың әдіснамасы" ғылыми-практикалық семинарға мектебіміздегі кәсіби бағдар беру педагогі Г. А. Акбаланова қатысып келді
Профориентациялық көмек
03
октябрь
2022
Профориентациялық көмек
Кәсіби бағдар бойынша 03.10.2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметі Алматы академиясынан  Марат Сейтказжинович деген маман келіп, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 
«Жүректен жүрекке» атты акция
14
апрель
2022
«Жүректен жүрекке» атты акция
«Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ»  КММ – де Республикалық  «Жүректен жүрекке» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: ата-анасы мүгедек, аз қамтылған отбасынан, қамқоршысы атасы, әжесі, басқа да қорғалмаған санаттағы тұлғалар болып табылатын, көп балалы отбасынан шыққан ерекше білім беру қажеттілігіне мұқтаж балалар мен жасөспірімдердің арман тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш салуды біріктіру, әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту және оның жүзеге асыру болып табылады.
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт"атты  жоба
30
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт"атты жоба
"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында математика пәні мұғалімі Илгекбаева С.Ж 9 сыныптарды үнді халқының  "Махабхарата мен Рамаяна" атты көне эпостарымен таныстырды. Мақсаты: дүниежүзілік әдебиет қазынасының бір бөлшегі  болған көне үнді эпостарымен таныстыру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
" Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
30
декабрь
2021
" Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" атты жоба
Мектеп кітапханасында " Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында тәрбиеші Омарова Гүлнұр Жанболатқызы интернат тәрбиеленушілеріне     Ұлықбек Есдәулеттің  " Киіз кітап" еңбегін таныстырды. Мақсаты: оқушылардың әдеби кітап оқуға ынтасын арттыру, сөздік қорын молайту, отандық көркем туындылармен таныстыру.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында әңгіме
30
декабрь
2021
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында әңгіме
08.12.2021 күні «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ» КММ 7-9 сынып оқушыларымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүлеймен Елдос Төлегенұлы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны Арай Мақсұтқызы мен мектеп педагог-психологы Мейірханова Несіпжан Рамазанқызы «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында әңгіме сабақтар жүргізді. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа
" Мен оқыған кітаптардан...." атты кітап көрмесі
30
декабрь
2021
" Мен оқыған кітаптардан...." атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімі А.А. Джексембаева  4 сыныптармен " Мен оқыған кітаптардан...." атты кітап көрме ұйымдастырып, кітаптардың QR-кодтарын  жасап оқушыларға таныстырды. Оқушылар өздері оқыған қызықты кітаптарын әңгімелеп, өлеңдерін оқыды.  Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған кітаптармен таныстырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.