Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шәкәрім университетінде өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасы
12
ноябрь
2025
Шәкәрім университетінде өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасы
2025 жылдың 12 қарашасында «Шәкәрім университеті» КеАҚ ұйымдастыруымен Семей қаласының және Абай облысының жақын аудандардың жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасын өткізіп, мектебімізден 11 «Ә»-сынып оқушылары команда капитаны Бектұрған Әлішер, Тілеуханқызы Арайлым, Қажығұмар Асылан, Әсетқызы Ұлжан, Әнуарбеұлы Арман «Қаржы қырандары» атты топпен кәсіби бағдар педагогінің жетекшілігімен қатысып, алғыс хатқа ие болды. Кәсіби  бағдар  педагогі
Кәсіби бағдар олимпиадасындағы оқушылар жетістігі
05
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар олимпиадасындағы оқушылар жетістігі
Кәсіби бағдар бойынша 05.11.2025 ж  ,,Шәкәрім университеті,,  КеАҚ  ,,Көлік  жүйелері және логистика,, мамандығы Абай облысының орта білім беру ұйымдары білім алушыларының  арасында облыстық олимпиадасы болып өтті.  Мектебіміздің 10 - сынып  оқушылары Ақжігіт Данара, Конушпаева Айяжан,  Бақтиярова  Назерке қатысып марапатқа ие болды.   Кәсіби  бағдар  педагогі Акбаланова Г.А.
“Достық” білім орталығы мамандарымен ҰБТ-ға дайындық бойынша кездесу
02
октябрь
2025
“Достық” білім орталығы мамандарымен ҰБТ-ға дайындық бойынша кездесу
2025 жылдың 02- Қазан күні «Достық» білім орталығынан келген мамандар Көпжасар Санжар Талғатұлы және Ахмет Мирас Оңласынұлы 10-11 сыныптар оқушыларымен кездесіп, ұлттық біріңғай тестілеуге қалай дайындалу керек жөнінде ақпараттар берді. Оқушылар өздеріне керекті сұрақтарын қоя отырып, мәліметтер алды.
ҰҚК Шекара академиясы мамандарымен кәсіби бағдар беру кездесуі
12
сентябрь
2025
ҰҚК Шекара академиясы мамандарымен кәсіби бағдар беру кездесуі
Кәсіби бағдар беру бойынша 2025 жылдың 12.09 Қыркүйек күні Алматы қалансындағы «Шекара академиясы ҰҚК ҚР» мамандары Қабдығалиев Санжар Ертаевич және Гафур Руслан Каженханұлы келіп 10-11 сынып оқушыларына академия туралы ақпараттар берді. Оқушылар өздеріне керекті сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды. Жыл көлемінде тағы келіп кездесу ұйымдастыратындарын жеткізді.
"JasSkills Abay"- 2025  кәсіптік шеберлік чемпионаты болды
08
апрель
2025
"JasSkills Abay"- 2025 кәсіптік шеберлік чемпионаты болды
Кәсіби бағдар бойынша Семей қаласының мектептерімен бірлесіп кәсіптік бағдар беру жұмысы жақсы жолға қойылған .Осы орайда медициналық мамандықтардың беделін арттыру мақсатында ,,Семей медициналық колледжі'' мекемесінде өткен  "JasSkills Abay"- 2025  кәсіптік шеберлік чемпионаты болды. Біздің  мектебіміздің 9-сынып оқушылары  Қуанышқызы Адина, Габдулина Кәусар қатысып сертификаттармен марапатталды. Кәсіби бағдар педагогі Акбаланова Г. А.
Польшаға оқуға қалай түсуге болады?
20
март
2025
Польшаға оқуға қалай түсуге болады?
"Кеттік Study" компаниясының өкілдері келіп,  оқушыларға  Польшаға ҰБТ және IELTS емтиханынсыз оқуға түсу жоларын түсіндірді. 
Мамандығым менің болашағымның таңдауы
17
март
2025
Мамандығым менің болашағымның таңдауы
Мамандығым менің болашағымның таңдауы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
9-сыныпты бітірген соң оқуға түскен дұрыс па?
14
март
2025
9-сыныпты бітірген соң оқуға түскен дұрыс па?
9-сыныпты бітірген соң оқуға түскен дұрыс па? тақырыбында 9-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
"Кәсіби бағдар беру: мазмұны және әдістемесі" тақырыбындағы семинар
13
март
2025
"Кәсіби бағдар беру: мазмұны және әдістемесі" тақырыбындағы семинар
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, Абай облысы мектептерінің педагог-кәсіптік бағдар беруші мамандарға арналған "Кәсіби бағдар беру: мазмұны және әдістемесі" тақырыбындағы семинарына мектебіміздің кәсіби бағдар беру педагогі Акбаланова Гульнара Айткалиевна қатысып келді. 
"Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж" мамандарымен кездесу
19
февраль
2025
"Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж" мамандарымен
"Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж" маманы Ахметова Айгуль Тусупхановна колледж студенттері Талғатова Алина және Кенжебек Айдын колледж туралы пікірлерін білдіріп, оқушыларға керекті ақпараттармен таныстырды.