Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Закладка" атты деректі фильм көрсетілді.
05
декабрь
2024
"Закладка" атты деректі фильм көрсетілді.
Мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына прокуратураның қызметкерлерінің қатысуымен есірткі қылмысы және құқықбұзушылыққа байланысты түсіндірме жұмысы өткізілді. Кездесу барысында "YouTube" желісінен "Закладка" атты деректі фильм көрсетілді. Мақсаты: есірткі заттарын пайдаланудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.
Дауыстап оқу сағаты өтті.
29
ноябрь
2024
Дауыстап оқу сағаты өтті.
29.11.2024 42_mektep Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ» КММ кітапханасында қайталанбас қолтаңбасымен ұлттық руханиятымызда ерекше орын алған шығармашыл тұлға поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына  орай 3 «А» сынып оқушыларына дауыстап оқу сағаты өтті. Оқушылар  ақынның балаларға арналған «Алғашқы сабақ» кітабындағы өлеңдерімен  танысып, мәнерлеп оқып берді. Ұйымдастырғандар сынып жетекшісі Джексембаева А.А. Кітапханашы: Жукенова М.Т.
Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар сабағы
27
ноябрь
2024
Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар сабағы
3"А" сыныбының оқушысы Әлимхан Аяламен ұсақ қол моторикасын дамыту ойындары."Массажды доп" ойыны Мақсаты:алақанмен массаж досымен әртүрлі конфигурациядағы жолдармен домалату, үйлесімді сөйлеуді зейін тұрақтандыру. "Бес саусақ" әдісі. Қолдың ұсақ моторикаларын дамытуға арналған массажды доппен жұмыс. "Саусаққа сәйкестендір" әдісі. Мақсаты: Тыңдалым бойынша әрекетін дамыту. Ойын: Дән Мақсаты: Баланың саусақ моторикасын дамыта отырып, миының жұмысын жақсартады. Педагог-ассистент: Абилкасимова Р.Б.
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
25
ноябрь
2024
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
25.11.2024."Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?" тақырыбы аясында интернат тəрбиеленушілерімен үй тапсырмасын орындау барысынан үзінді. 1"а" сыныбы. Тəрбиеші: Зейнелева Макен Кайратовна
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
21
ноябрь
2024
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
21.11.2024ж "Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?" тақырыбы аясында интернат тәрбиеленушілерімен  9"А",9 "Ә", 10"А"11"А" сыныптарында "Денсаулық-зор байлық" атты тәрбие сағаты өтті.  Өткізген:Г.А Мейрамбаева
Ұлдар және қыздар жиналысы өтті.
19
ноябрь
2024
Ұлдар және қыздар жиналысы өтті.
Мектебімізде 19.11.2024ж. жалпы ұлдар, қыздар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1.Ішкі тәртіп. (киім үлгісі, тазалық) Жолда жүру қауіпсіздігі. Қысқы ауа - райының қолайсыздық салдары.  Қозыбаев А.А. 2. Сыртқы ортадан келетін қауіп қатерлер Мектеп инспекторы: Болатказин Р. М. 3. Діни экстремизімнің алдын алу. Мейрханова Н.Р.  4.Жалпы оқушылардың тазалығы. Назарбекова А.А.  5. "Қыз Жібек" қыздар ұйымының жұмысы. Башбаева Б.Б. 6. Әр түрлі мәселелер
"Мерекелі, берекелі - Алтын күз!"
24
октябрь
2024
"Мерекелі, берекелі - Алтын күз!"
24.10.2024 жылы МАДТ, 1-4 арнайы сынып оқушылары "Мерекелі, берекелі Алтын күз ! " атты мерекелік іс-шара өткізді. Мақсаты :  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл -күй орнату. Балалардың ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып , жақсы көңіл күйде болды. Ата-аналар балаларының өнерлерін тамашалап, алғыстарын білдірді.
"Күз аруы - 2024" байқауы
24
октябрь
2024
"Күз аруы - 2024" байқауы
24.10.2024 ж мектебімізде  5- 9 сыныптар арасында "Қош келдің, алтын күз" мерекесі аясында ұйымдастырылған "Күз аруы - 2024" байқауы өтті. Жеңімпаздар жүлделі орындармен және әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды. "Күз аруы - 2024" атағына 6 "А" сынып оқушысы Калкешова Айару ие болды. І орын 9 "Ә" сынып оқушысы Қадыр Раушан. ІІ орын 5 "А" сынып оқушысы  Аманжолова Еркеназ. ІІІ орын 5 "Ә" сынып оқушысы Серікқан Жаншырай. ІІІ орын 6 "Ә" сынып оқушысы Кудерина Наргиз
"Күз кереметі" атты көрме
23
октябрь
2024
"Күз кереметі" атты көрме
21-23 қазан 2024ж "Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Алтын күз" мерекесіне орай 1-4 сынып оқушылары арасында "Күз кереметі" атты көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының қол өнері байқауы болып өтті. 1-орындар: Мақанова Кәусар, Жасұланова Аруна 2-орындар: Ернұрқызы Аруай, Құдайберген Қуандық, Уралгазина Айгерим, 3-орындар: Габдулашимов Нұрхат, Ғазиз Зере
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
22
октябрь
2024
"Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?"
22.10.2024."Тəрбиешінің кəсіби өсуі: білім сапасына ықпалы бар ма?" тақырыбы аясында интернат тəрбиеленушілерімен үй тапсырмасын орындау барысынан үзінді. 1"а" сыныбы. Тəрбиеші: Зейнелева Макен Кайратовна