Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Күз-шабыттың шаһары»  алтын күз мерекесі
17
октябрь
2025
«Күз-шабыттың шаһары» алтын күз мерекесі
«Күз-шабыттың шаһары» тақырыбында МАДТ,1-4 сыныптар арасында күз мерекесі өз деңгейінде тойланды.Сынып оқушылары «Күзгі дефиледе» өз қолдарынан жасалған киім үлгілерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі. Оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениетін, сахнада еркін сөйлеу дағдысын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Нәтижесінде оқушылардың өнерге, сән мен сұлулыққа қызығушылығы артты. Ұжымдық жұмыс пен бір-бірін қолдау сезімі күшейді. Ең белсенді қатысушылар марапатталды.
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасындағы жәрмеңке
14
октябрь
2025
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасындағы жәрмеңке
«Күз сыйы-еңбек жемісі» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды.Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбектің қадірін ұғындыру, өз қолымен жасалған өнімнің құндылығын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға тарту және қайырымдылық рухын қалыптастыру да басты бағыттардың бірі болды. Шара барысында әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар, тәтті
«Ұстаз аты-мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбымен өткен салтанатты іс-шара
03
октябрь
2025
«Ұстаз аты-мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбымен өткен
Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын "Ұстаздар күні" мерекесі мектепте өз деңгейнде аталып өтілді. 3 қазан күні «Ұстаз аты-мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп,
“Достық” білім орталығы мамандарымен ҰБТ-ға дайындық бойынша кездесу
02
октябрь
2025
“Достық” білім орталығы мамандарымен ҰБТ-ға дайындық бойынша кездесу
2025 жылдың 02- Қазан күні «Достық» білім орталығынан келген мамандар Көпжасар Санжар Талғатұлы және Ахмет Мирас Оңласынұлы 10-11 сыныптар оқушыларымен кездесіп, ұлттық біріңғай тестілеуге қалай дайындалу керек жөнінде ақпараттар берді. Оқушылар өздеріне керекті сұрақтарын қоя отырып, мәліметтер алды.
ҰҚК Шекара академиясы мамандарымен кәсіби бағдар беру кездесуі
12
сентябрь
2025
ҰҚК Шекара академиясы мамандарымен кәсіби бағдар беру кездесуі
Кәсіби бағдар беру бойынша 2025 жылдың 12.09 Қыркүйек күні Алматы қалансындағы «Шекара академиясы ҰҚК ҚР» мамандары Қабдығалиев Санжар Ертаевич және Гафур Руслан Каженханұлы келіп 10-11 сынып оқушыларына академия туралы ақпараттар берді. Оқушылар өздеріне керекті сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды. Жыл көлемінде тағы келіп кездесу ұйымдастыратындарын жеткізді.
“Мектебім - мейірім мекені”  алғашқы қоңырау мерекесі
02
сентябрь
2025
“Мектебім - мейірім мекені” алғашқы қоңырау мерекесі
1 қыркүйек - Білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Мектебімізде “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында 1,9-11 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Жумакулова Асия Максутовна ұрпақты тәрбиелеуде жеткен жетістіктері мен кәсіби шеберліктері үшін және 1-қыркүйек білім күніне орай құттықтау лебіздері айтылды. Оқушыларымыз шарықтатып ән
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау емтиханы өтті
10
июнь
2025
«Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау емтиханы өтті
Бүгін, 26 мамыр күні Республика мектептері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 2-тарауы 35-тармағына сәйкес, 5-8 және 10-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау емтиханы өтті.
Сурет байқауы ұйымдастырылды.
05
июнь
2025
Сурет байқауы ұйымдастырылды.
5 маусым - Эколог күніне орай, “Жас ұлан”  ойын алаңының оқушыларына “Таза болса табиғат - аман болар адамзат” тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. #Жас ұлан# жазғы лагерь# #жазғы демалыс#бақытты балалық шақ
“4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні” мерекесіне орай іс-шара өтті
04
июнь
2025
“4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні”
“4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні” мерекесіне орай, патриоттық рухты көтеру және жастар арасында мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыру мақсатында “Әнұран” орындау флешмобына мектебіміздің “Жас ұлан” ойын алаңының оқушылары белсене жұмылдырылды. #Жас ұлан# жазғы лагерь# #жазғы демалыс#бақытты балалық шақ
02.06.2025 ж мектебімізде “Жас ұлан” демалыс ойын алаңының ашылу салтанаты өтті🌞🎈
02
июнь
2025
02.06.2025 ж мектебімізде “Жас ұлан” демалыс ойын алаңының ашылу
02.06.2025 ж мектебімізде “Жас ұлан” демалыс ойын алаңының ашылу салтанаты өтті🌞🎈 Балалар көңілді ойындар ойнап, ән айтып, би билеп қуанышқа бөленді✨ Жазғы демалыс қызықты әрі пайдалы өтсін деп ұйымдастырылған бұл лагерде балалардың бос уақыты тиімді әрі мазмұнды өткізіледі. Балалар- біздің болашағымыз! 💛Олардың шат күлкісі әрдайым сыңғырлап, жүздерінен қуаныш кетпесін.🙂 #Жас ұлан# жазғы лагерь# #жазғы демалыс#бақытты балалық шақ